Бесікті орта мектеп-интернатының 11-сынып оқушыларымен Кәсіптік бағдар беру бағытында
PSVK колледжі өкілдерінің қатысуымен кәсіби ақпараттандыру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар жөнінде мағлұмат алып, өздерінің болашақ мамандығын таңдауға қатысты ой-пікірлерін қалыптастырды.
💬 Колледж мамандары оқу үдерісі, білім беру бағыттары және қазіргі таңда сұранысқа ие кәсіптер туралы нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара мазмұнында:
-мамандық таңдаудағы жауапкершілік
-кәсіби және техникалық білім беру бағыттары
-қабылдау талаптары мен мүмкіндіктері
-еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар жайы қамтылды
Аталған кездесу оқушылардың кәсіби көзқарасын кеңейтіп, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.

