Перейти к содержимому

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Атырау аграрлық-техникалық колледжі ұстаздарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бесікті орта мектеп-интернатының 11-сынып оқушыларымен
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында Атырау аграрлық-техникалық колледжі ұстаздарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Түсіндірме жұмыс барысында оқушылар түрлі мамандықтар туралы толық ақпарат алып, болашақ кәсіби бағыттарын таңдауда маңызды мәліметтермен танысты.

💬 Колледж ұстаздары білім беру бағдарламалары, оқу шарттары және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жөнінде кеңінен ақпарат берді.

Кездесу мазмұнында:
-мамандық таңдау маңызы
-ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы кәсіптер
-оқу орнына түсу талаптары
-болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ерекше атап өтілді

Бұл іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындап, саналы түрде мамандық таңдауға және болашаққа нақты мақсат қоюына ықпал етті.