Бесікті орта мектеп-интернатының 6 “а” сынып оқушыларымен «Мемлекеттік қызмет – елге қызмет» тақырыбында
Тақырыптық дәрістер ұйымдастырылды.
Дәріс барысында оқушылар мемлекеттік органдар қызметі мен мемлекеттік қызметтің маңызы туралы дайындаған жобаларын таныстырып, өздерінің ізденістері мен білімдерін көрсетті. Әрбір жұмыс мазмұнды, креативті және өзекті ақпараттарға негізделді.
Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын шыңдады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтің қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі туралы пікір алмасты.
Дәріс жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігімен ерекшеленді.
Осындай шаралар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
