«Ұлыстың ұлы күні» Өткізілген сынып: Бастауыш ПДТ сыныптар
Тәрбиелік шараның мақсаты:
Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының маңызын түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау. Ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Оқушылардың бірлік, достық, татулық туралы түсініктерін кеңейту және ұлттық мәдениетке деген қызығушылықтарын арттыру.
