Перейти к содержимому

Кәсіптік бағдар беру PSVK колледжі өкілдерінің қатысуымен кәсіби ақпараттандыру кездесуі ұйымдастырылды.

Бесікті орта мектеп-интернатының 11-сынып оқушыларымен Кәсіптік бағдар беру бағытында
PSVK колледжі өкілдерінің қатысуымен кәсіби ақпараттандыру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында оқушылар әртүрлі мамандықтар жөнінде мағлұмат алып, өздерінің болашақ мамандығын таңдауға қатысты ой-пікірлерін қалыптастырды.

💬 Колледж мамандары оқу үдерісі, білім беру бағыттары және қазіргі таңда сұранысқа ие кәсіптер туралы нақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара мазмұнында:
-мамандық таңдаудағы жауапкершілік
-кәсіби және техникалық білім беру бағыттары
-қабылдау талаптары мен мүмкіндіктері
-еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар жайы қамтылды

Аталған кездесу оқушылардың кәсіби көзқарасын кеңейтіп, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.